№ 50 жалпы орта білім беретін мектебінде 1- қыркүйек білім күіне байланысты сынып сағаттары өткізілді.Қашықтықтан оқитын оқушылар үшін сынып жетекшілері ZOOM,Online Mektep платформаларын пайдаланады.1-4 сыныптар «Ата Заң –мәңгілік елдің биік тұғыры!», Абай –дана, Абай –дара қазақта, 5-11 сыныптар «Ұлы даланың –Ұлы тұлғасы» тақырыбында сынып сағаттарын ұйымдастырды.

 

 

2-10 қыркүйек аралығында мектебімізде «Абай бол,балақай!»акциясы ұйымдастырылды. Акция мақсаты –балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметі мен таныстыру. Акция барасында мектеп инспекторы Шакиева Бейбит Хибатович мектепте оқитын бастауыш кезекші топтарға түсінік жұмыстарын жүргізді.Мектеп испекторы Б.Х.Шакиров оқушыларды жолда абай болуға шақырды.

 

 

«Абай бол,балақай! акциясы аясында кәмілетке толмағандардың өмірі қауіпсіздігі қорғауға бағытталған түсінік минуттары мен қауіпсіздік бұрыштары ұйымдастырылды.Тәрбиеленушілер жол қауіпсіздігі ережелері туралы білім дағдыларын дәріптейтін шығармашылық жұмыстар орындады.

 

 

2020 жылдың 10 қыркүйек күні 7 - 8 сынытарда бірыңғай ата - аналар жиналысы оздырылды. Күн тәртібінде қашықтан оқыту жағдайының маңызды тұстары талқыланып, жаңадан енген пәндерге түсінік жұмыстары жүргізілді. Балалардың қауіпсіздігі туралы жаднамалар таныстырылып, баланың оқу үлгеріміне , күн тәртібіне қастысты ескертулер берілді.

 

 

Мектебімізде қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен қашықтықтан білім алып жатырған әлеуметтік жағынан қормалмаған,қамқорлық пен қолдауды қажет ететін білім алушыларға РБ резервінен ноутбуктар мен планшеттер таратылуда . Мектепішілік компьютерді қолданысқа беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

Қадыр оқуларының мектепішілік кезеңіне қатысып жүлдегер атанған жас өнер сүйер өнерпаздарымызды құттықтаймыз! Алар асуларың көп болсын!

 

 

«Жас Шебер» балалар аула клубының ұйымдастыруымен 1- қазан Қариялар күніне орай 1 «а» сыныбында «Қарттарым - асыл қазынам» атты тәрбие сағаты оздырылды. Мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың қадір - қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата - бабасын ұмытпай еске сақатауға және аталы сөзден ғибрат алауға тәрбиелеу. Тәрбие сағатында клубымыздың тәрбиеленушілері Зиноллина Айша мен Азамат Әмина өз өнерлерін көрсетті .

 

 

Балалардың жол көлік жарақатының алдын алу шарасы аясында мектеп оқушылары жарық шағылыстырғыш фликерлермен толық қамтамасыз етілді. Көлік жүргізуші фликер таққан жаяу жүргіншіні 150 метр қашықтықтан еркін көре алады. Бұл жаяу жүргіншігілерге келетін қауіпті 65 % - ға дейін төмендетеді.

 

 

Коронавирустық инфекцияның таралауын болдырмау мақсатында мектеп дәрігері З. Габдушова кезекші топтағы сыныптарға санитарлық талаптарды (бетпердені дұрыс кию, арақашықтықты сақтау, мектеп ішінде өзін - өзі ұстау) қатаң сақтау туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.

 

 

Компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген мектеп оқушыларның (ЕБҚЕ тәрбиеленушілердің) қашықтықтан оқуда техникалық мүмкіндіктері мен дайындығын, интернетпен қосылуын, құралдарды пайдалану деңгейін бақылау мақсатында мектептің әлеуметтікпедагогы З.Казмагамбетова отбасларға арнайы барып, әлеуметтік қолдау шараларын жүргізді .

 

 

Өз өміріңді өзің қорға! Электр құралдарын пайдалану қауіпсіздігі ережелері, тұрмыстық ережелер туралы түсінік минуттары жүргізілді.

 

 

Мектебіміздің психологі Гумарова Балауса Инстаграмм әлеуметтік желісінде тікелей эфирде ата - аналармен «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» тақырыбьнды вебинар кездесу өткізді.

 

 

«Адалдық сағаты» аясында көсетілген бірыңғай бейнедәріс. Тақырыбы «Ар намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» Аталмыш бейнедәріс тәрбиеленушілердің назарына Оnline mektep порталы және мектеп экранынан ұсынылды.

 

 

«Мейірбандылық күндері» қайырымдылық айлығы аясында санитарлық –эпидемиологиялық сақтық шараларын сақтай отырып, 14 - 15 қазан күндері мектеп қызметкерлері бала жастан мүмкіндігі шектеулі ерекше қолдауды қажет ететін жеткіншіктердің отбасына көңіл бөліп, жағдайын біліп, қолдау көрсетті. Аталмыш айлықтың өтуіне демеушілік білдірген жанашырлық танытып, қайырымдылық жасаған Сарытау шаған ауданында орналасқан «Рахмет» дүкенінің иесі Кужагалиевтар отбасына және бастауыш сынып мұғалімі А.Зайнуллинаға арнайы алғыс білдіреміз.