«Сабақтағы кері байланысты ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық жас мамандар семинар-практикумы оздырылды. Семинар барысында түрлі әдіс-тәсілдер қамтылып, ашық сабақтар мен арт-терапиялық жаттығулар және ата-анамен бала арасындағы маңыздылықты анықтау негізінде кеңес сабақтар жүргізілді. Жас ұстаздар кері байланыс жасап, өз ойлары мен қоржындарын толықтырды. Облыстық жас мамандар семинар-практикумы өз мәресіне жетті.


Наурыз мерекесін мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес өткізілген «Армысың, әз Наурыз!» мерекелік думанды бағдарлама - еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуін дамытуға бағытталған ұлттық бірліктің басымдықтары бойынша жас Қазақстандықтарды рухани-адамгершілікке біріктіру және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шақырды.


14 ақпан Халықаралық кітап күніне орай "Кітапханаға кітап сыйлау" акциясы ұйымдастырылды! Бастауыш сыныптың ата - аналарыда сыныбымен бірге үлес қосып, кітап қорын толықтырды!


Тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес "Көпмәдениетті көркем - эстетикалық тәрбие" бағытындағы "Театрдағы бір күн" жобасы бойынша "Қазақ драма театрына" арнайы күн арнау арқылы саяхат жасалды.

1-4 сынып оқушылары"Алдардың сиқырлы дүрбісі" ертегісін тамашалады!




«№50 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектепшілік 3-4 сыныптарға арналған «Алтын сақа»  математикалық олимпиадасы ұйымдастырылды.

3 сыныптар бойынша қалалық кезеңге  Асқар Армат, Сағитжан Нұрдәулет, Шангереев Ансар есімді білім алушылар, 4 сыныптар бойынша Ерболат Нұрдәулет, Жасан Нұрасим, Оралбай Рамазан білім алушылар жолдама алды.

Қалалық кезеңге жолдама алған оқушыларымызды құттықтай отырып, сәттілік серіктері болсын дейміз!


«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыптар аясында «Кім болғым келеді?» атауындағы көркемсуреттер байқауына 3 және 4 сынып оқушылары белсенділікпен қатысты.


Бастауыш сынып бірлестігінің 3 әдістемелік бірлестік отырысы ұйымдастырылды.


Жаңа 2023 жылды қарсылауға арналған «Жаңа жыл-жаңа белес, жаңа арман» тақырыбындағы 1-4 сыныптарда өткен ертеңгіліктен көріністер...

Жаңа жыл елімізге құт береке әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


«Балалар жылына» орай 1 сынып білім алушылар ұйымдастырған, «Қош, сүйікті Әліппе, Армысың, Ана тілі!» тақырыбындағы ертеңгіліктің мақсатты -  мазмұнды сәттерінен көріністер...


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай бірыңғай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік-тірегім, Отан деп соғар жүрегім» тақырыбындағы тағылым сағатынан көріністер...

Менің жалғыз ғана Отаным бар – ол Тәуелсіз Қазақстан!


16-қараша күні «Жаңа мазмұндағы білім-жарқын болашақ кепілі» қалалық жас мамандар семинары өткізілді.

Мақсаты: мұғалімдердің оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оларды оқу мен тәрбие жұмыстарында қалай қолдануға болатындығы жайлы, әдіс-тәсілдердің тиімділігі жайлы түсінік беру.

Семинар барысында тренинг, ашық сабақтар,  шеберлік сынып, коучингтер ұйымдастырылды. Семинар соңында жас мамандар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ризашылықтарын білдірді.


«Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында 1 – 4 сынып арасында жиналыс оздырылды


Бастауыш сынып бірлестігінің  2022-2023 оқу жылының I оқу тоқсанының қорытындысы бойынша отырысы. 


«Мейірбандылық күндері» қайырымдылық айлығы шеңберінде «Қариялар күніне» орай «Аталар сөзі-ақылдың көзі» атты тәлім сағаты-мектепішілік «Аталар клубының» мүшелерімен ұйымдастырылды.
«Отбасы-мектеп» жобасын іске асыруға негізделген шара - отбасындағы адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекшелігі, отбасы мүшелерінің міндеттері, қазіргі қоғамдағы отбасының рөлін бағалау мақсатындағы әңгімелеулерден құрылды.
Отбасындағы және мектептегі өзара көмек, қолдау, кішіпейілділік және қайырымдылық, адамның іс-әрекетіне көмекке келу ұмтылысын таныту, алғыс айту білігі, өз мінез-құлқын басқару, адамгершілікті кемелдендіру, адам мәдениеті, денсаулық құндылығы, отбасындағы белсенді және салауатты өмір салты, отбасындағы жауапкершілік, дәстүрлер, өзара сыйластық сынды құндылықтар-отбасылық бақыттың шарты екендігі түсіндірілді. Тәрбиеленушілер ақыл айта келген аталарына алғыстарын өлең жолдарымен арнаса, аталар «Оқуға құштар мектеп» жобасының «Отбасылық оқудың дәстүрлері» бағыты бойынша отбасылық кітап қорын таныстырды.

 

Бастауыш сынып бірлестігінің  2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатты талдау