№50, 33 ЖОББМ жас мамандары арасында "Адал еңбек - табысқа жол"
дөңгелек үстелінің өткізілуі туралы
АНЫҚТАМА
22.04.2021 жылы №50, 33 ЖОББМ-нің жас мамандары арасында "Адал еңбек - табысқа жол" тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.
Мақсаты:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін қалыптастыру;
- Саяси өмірден хабардар жеке тұлғаның еркін сөйлеуіне, еліне, жеріне деген өз ой-пікірлерімен бөлісуге жағдай жасау;
- Өз еліне адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке, тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелге №50, 33 ЖОББМ жас мамандары, пән мұғалімдері, мектеп директорының орынбасарлары қатысты.
Шара барысында қатысушылар келесі тақырыптар бойынша пікір алмасты:
- “Адал еңбек – табысқа жол”- Жукеева Гүлхан Берикбаевна - №50ЖОББМ, мектеп директорының ҒІЖО, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
- “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру” - Жумакулова Вероника Камбаровна -№50 ЖОББМ, тарих пәнінің мұғалімі
- “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие” - Урбисинова Жанар Куанышбаевна -№50 ЖОББМ “Жас қанат” жас мамандар мектебінің жетекшісі, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
- “ Жемқорлық түбі – қорлық” - Нұржанова Ақбота Нұржанқызы №50 ЖОББМ,
бастауыш сынып мұғалімі
- “Жемқорлықсыз қоғам – болашақтың жарқын кепілі” - Отарғалиева Алиса Тарасқызы №50 ЖОББМ, бастауыш сынып мұғалімі
- “Жемқорлыққа жол жоқ!” - Сарсенбаева Сая Жумагельдинова - №33
ЖОББМ, психолог.
- “Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті” - Кажым Альмира Ергалиқызы №33 ЖОББМ, тәлімгер.
Дөңгелек үстел барысында мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Г.Б.Жукеева еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде "Адал еңбек - табысқа жол" тақырыбында баяндап, білім беру ұйымдарының сыбайлас жемқорлықпен күрес жолындағы мақсатына тоқталып, мектепішік атқарылған іс-шараларға тоқталды.
Тарих пәнінің мұғалімі В.К.Жумакулова "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру" тақырыбында жас мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында толығырақ мәлімет берді. Слайд арқылы баяндалған жұмыс нәтижесінде жас мамандар қажетті мәліметтермен таныс болды.
№50 ЖОББМ бойынша "Жас қанат" жас мамандар мектебінің жетекшісі Ж.К.Урбисинова "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие" тақырыбында сөз қозғап, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарай олардың бойында құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру Отанға деген сүйіспеншіліктен басталатынына баса назар аудару керектігін айтып өтті. Оқу, тәрбие жұмысында өскелең ұрпақтың бойында адалдық, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерді дарыту, патриоттық сезімді дамытып, елін сүйетін тұлға қалыптастыру әр ұстаздың міндеті екендігін айтып өтті.
Шара барысында №50 ЖОББМ жас мамандары А.Н.Құбашева, А.Т.Отарғалиева және №33 ЖОББМ жас мамндары С.Ж.Сарсенбаева, А.Қ.Қажым да өз ойларын ортаға салып, "Жемқорлық түбі - қорлық", "Жемқорлықсыз қоғам - болашақтың жарқын кепілі", "Жемқорлыққа жол жоқ!", "Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті" тақырыптарында пікір алмасты.
Дөңгелек үстелге қатысушы жас мамандар өз ойларымен бөлісіп, оқушы бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру басты міндет екендігіне тоқталды.
Мектеп директорының ҒІЖО: Жукеева Г.Б.
"Жас қанат" жас мамандар мектебінің жетекшісі: Урбисинова Ж.К.
https://sh50-uralsk.edugov.kz/kz/sybajlas-zhem-orly-pen-k-res/213-adal-e-bek-tabys-a-zhol-ta-yrybynda-d-gelek-stel.html#sigFreeId717a7d73ca