«Бекітемін»
Мектеп директоры: М.Жумагазиева
«Үйренейік, ізденейік, ЖАС МАМАН!»
мектепішілік жас мамандар апталығының
ЖОСПАРЫ
Өтетін мерзімі: 15.02 – 19.02.2021 ж
№ |
Шара атауы |
Уақыты |
Жауапты |
1 |
«Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілетін дамыту жолдары» шеберлік сынып |
15.02 |
Анесова Т.М. Жумагалиева Г. Есниязова А. Қазиуллақызы Ұ. |
2 |
«Тәлімгерден тәлім» шеберлік сынып |
16.02 |
Урбисинова Ж.К. Жас мамандардың тәлімгерлері, Гумарова Б. Абдрахманова С. |
3 |
«Мен қазақпын!» Дүниетану пәнінен ашық сабақ. 1Б сыныбы |
17.02 |
Нұржанова А. |
4 |
«С-Ш дыбыстарын ажырату» логопедиялық түзете-дамыту сабағы. 2 сынып
|
17.02 15.40 |
Тілекқабылова Ш.Ж. |
5 |
«Өзіңді тексер!» Математика пәнінен ашық сабақ. 2Г сыныбы |
18.02
|
Сисен А.Ғ. Құбашева А.Д. |
6 |
Ағылшын тілі пәнінен бейнесабақ
|
18.02 |
Зейнов М.
|
7 |
«Әріпті өрнектердің мәні» Математика пәнінен ашық сабақ. 1Ғ сыныбы |
18.02 |
Ахметкереева Г.С. |
8 |
«Математикалық сыр сандық» Ойын сабақ. 5 сыныптар |
18.02 14.45 |
Адилгереева З.С. Сағынғали А.М. |
9 |
«Қызықты математика» Сыныптан тыс шара. 1Ә сыныбы |
18.02 10.25 |
Отарғалиева А.Т. |
10 |
«Тапқыр достар» Сыныптан тыс шара 3,4,5 сыныптар |
19.02 14.00 |
Нуралиева А.С. Харесова Л.М. Мырзағали А.Ж. |
11 |
«Дұрыс тамақтану ережесі» МАДС А тобы |
19.02 9.30 |
Сауырбаева С.Н.
|
12 |
«Healthy bodies» Ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ 4В сыныбы |
19.02 13.15 |
Жексен Н.Қ. Зайнуллина Б.Қ. |
13 |
Апталықтың жабылуы |
19.02 17.00 |
Танзенова Д.А. Урбисинова Ж.К. |
«Жас қанат» жас мамандар мектебінің жетекшісі: Урбисинова Ж.К.
№50 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша «Жас қанат» жас мамандар мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Үйренейік, ізденейік, ЖАС МАМАН!» мектепішілік жас мамандар апталығының өтілуі туралы
АНЫҚТАМА
15.02 – 19.02.2021 ж аралығында «Үйренейік, ізденейік, ЖАС МАМАН!» мектепішілік жас мамандар апталығы өткізілді.
Мақсаты:
- Жас мамандардың теориялық білімдерін мектеп практикасында қолдану дағдыларын қалыптастыру;
- Жас мамандардың әлеуметтік және кәсіби тұлғасын қалыптастыру, оларды қолдану және ынталандыру;
- Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру;
- Тәжірибе бөлісу арқылы жас мамандар мен тәлімгерлерінің ынтымақтастығын нығайту.
Апталықты өткізу мақсатында апталық жоспары жас мамандар мен тәлімгерлері арасында алдын-ала жоспарланып, уақытында бекітілді, жұмыстар бөлісілді.
Жоспарға сәйкес 15.02 күні «Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілетін дамыту жолдары» айдарымен мектеп жанындағы балақша тәрбиешілері Анесова Т.М. «Ақбота» ортаңғы тобына «Цифрды зхаттың санымен сәйкестендіруді үйрету»; . Жумағалиева Г.Н. «Қызғалдақ» ересек тобында «Әтеш пен тоты» ертегісі; Есниязова А.Е. «Балапан» тобына «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!»; Қазиуллақызы Ұ. шағынорталықта «Жабайы жануарлар» қашықтықтан ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, бейне жазбаларын тапсырды.
16.02 күні «Жас қанат» жас мамандар мектебінің жетекшісі Ж.Қ.Урбисинованың ұйымдастыруымен «Тәлімгерден тәлім» шеберлік сыныбы өткізілді. Шараның мақсаты: -Тәлімгер ұстаздардың іс-тәжірибесін көрсету арқылы жас мамандарға көмек беру, біліктіліктерін көтеру. Шеберлік сыныпқа барлық жас мамандар, тәлімгерлер, мектеп директоры М.Жумагазиева, мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Г.Б.Жукеева, мектеп психологтары С.Абрахманова, Б.Гумарова қатысты. Шара барысында тәлімгерлер Г.Ж.Хайруллина, Г.М. Аманғалиева, М.М. Шамғұл, Р.С.Муханбетова бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес қолданылатын көрнекі құралдар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру мақсатындағы қызықты тәсілдерін көрсетіп, күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген бұйымдар негізінде жасалған көрнекіліктерімен бөлісті: «Оқиға картасы», «Аралар мен гүлдер», «Жаңбырқұрты арқылы ай аттарын есте сақтау», «Кім жылдам?» кілемшедегі аяқ іздері, т.б.;
https://sh50-uralsk.edugov.kz/kz/shy-armashyly-toptar/zhas-anat-zhas-mamandar-mektebi/211-jrenejik-izdenejik-zhas-maman-mektepishilik-zhas-mamandar-aptaly-yny-zhospary.html#sigFreeIddb4e45aa4a
Д.К.Бекмұратова диктант жазудың түрлі әдістерімен бөлісті: «Ысқырма диктант», «Жүгірмек диктант» т.б. Диктант жазудың қызықты әдістерін жиналған жас мамандарға өткізіп, бұндай жұмыс түрлерінің оқушылардың есте сақтау, жылдамдық, уақытты үнемдеу, зейінін шоғырландыру сияқты дағдыларын қалыптастыруға үйрететіндігін дәлел ретінде шебер көрсете білді.
https://sh50-uralsk.edugov.kz/kz/shy-armashyly-toptar/zhas-anat-zhas-mamandar-mektebi/211-jrenejik-izdenejik-zhas-maman-mektepishilik-zhas-mamandar-aptaly-yny-zhospary.html#sigFreeId65d3d3f9f1
Г.С.Гупранова «Ашық микрофон» әдісін, Г.К.Танатова «Ыстық картоп», С.Ж.Абрахманова «Сағат тілдері», А.Т.Губашева оқушылардың өздеріне деген сенімділігін арттыру мақсатында тренинг әдістерімен бөлісіп, өз тәжірибелерінен түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Шеберлік сынып өте тартымды өтіп, жас мамандар білімдерін жетілдірді.
https://sh50-uralsk.edugov.kz/kz/shy-armashyly-toptar/zhas-anat-zhas-mamandar-mektebi/211-jrenejik-izdenejik-zhas-maman-mektepishilik-zhas-mamandar-aptaly-yny-zhospary.html#sigFreeIdf2e3bcad04
17.02 күні 1 «Б» сыныбында А.Н.Нұржанова дүниетану пәнінен «Мен қазақпын!» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылармен синквейн, «Ақылдың жеті қалпағы», сұрақ-жауап әдістерімен сабақ тақырыбын аша білді.
Логопед Ш.Ж.Тілекқабылова «С-Ш әріптерін ажырату» тақырыбындағы 2 сынып оқушыларына арналған логопедиялық түзете-дамыту бейне сабағын әзірлеп өткізді.
2 «Г»сыныбында А.Ғ.Сисен математика пәнінен «Өзіңді тексер!» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта жас маман математика пәнін дүниетану пәнімен шебер ұштастырып, оқушылардың бойына рухани тәрбие сіңіре білді. Оқушылар математикалық амалдар орындаумен қатар, қазақ халқының киіз үйі, киіз үй жиһаздарымен, ұлттық тағам түрлерін де естеріне сақтады.
18.02 күні А.Д.Құбашева «Отбасым – алтын қазынам» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Шара барысында оқушыларға отбасылық тәрбие, жанұядағы ата-ана, ата-әженің орны, рөлі туралы айтылды.
![]() |
![]() |
1 «Ғ» сыныбында Г.С.Ахметкерееваның ұйымдастыруымен математика пәнінен «Әріпті өрнектердің мәні» сабағы өтті. Оқушыларға түрлі тәсілдермен әріпті өрнектер туралы мәлімет беріліп, әріпті өрнектердің орнына сандар қою арқылы есептердің шығару жолдарын түсіндірді.
![]() |
![]() |
19.02 күні бастауыш сынып мұғалімдері Л.М.Харесова, А.С.Нуралиева, өһзін-өзі тану пәні мұғалімі А.Ж.Мырзағалидың ұйымдастыруымен 3,4,5 сынып оқушылары арасында интеллектуалды сайыс өткізілді. Оқушылар қазақ тілі, орыс тілі, математика пәндері бойынша өз білімдерін сынға салды.
![]() |
|
18.02 күні жас математика пәні мұғалімдері З.С.Адилгереева, А.М.Сағынғалидың басшылығымен 5 сыныптар арасында «Математикалық сыр сандық» сайысы өтті. Сайысқа 5 «А» және 5 «В» сынып оқушылары қатысып, бақ сынасты. Оқушылар түрлі есептер шығарып жарысқа түсіп, нәтижесінде 5 «В» сынып оқушылары жеңіске жетті.
Жас маман А.Т.Отарғалиева «Қызықты математика» тақырыбында 1 «Ә» сынып оқушыларымен сыныптан тыс шара өткізді. Шара оқушыларға матемаикалық дағдылармен қатар бүгінгі таңдағы карантиндік жағдайларға байланысты өз денсаулықтарын күту, гигиеналық талаптар туралы білімдерін толықтырды. Сабақ барысында түрлі қызықты әдістер арқылы ойын түрінде матемаикалық амалдарды шығарып, өз білімдерін көрсетті.
19.02 күні МАД тобының «А» сыныбында С.Н.Сауырбаеваның ұйымдастыруымен «Дұрыс тамақтану ережелері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар сабақта дұрыс тамақтану ережелерімен танысып, түрлі тапсырмалар орындады. Тақырыпқа сай жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдермен жұмыс атқарды. Жас ерекшеліктеріне сай қол моторикасын дамыту мақсатында көкөністер мен жемістерді сырып бояу арқылы тапсырма орындады.
19.02 күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Н.Қ. Жексен мен тәлімгері Б.Қ.Зайнуллинаның ұйымдастыруымен 4 «В» сыныбында «Healthy bodies» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында сөздік жұмысы, сұрақ-жауап әдісі қолданылды.
Апталық соңында тәлімгер Д.А. Танзенованың ұйымдастыруымен жас мамандар арасында қорытындылау кеш өткізілді. Шара кезінде мектеп психологы Б.Гумарова жас мамандармен тренинг өткізді. Қорытындылау барысында мектеп директорының ғылыми-жұмыстар жөніндегі орынбасары Г.Б.Жукеева мен жас мамандар мектебінің жетекшісі Ж.К.Урбисинова жас мамандардың өткізілген ашық сабақтары, сыныптан тыс шаралары мен тәрбие сағаттарын талдап, талқылады, кеңестер мен ескертулер берілді.
Қорытынды: Мектепішілік жоспар бойынша 15.02 -19.02.2021ж аралығында өткен «Үйренейік, ізденейік, жас маман!» апталығы жоспарға сай өткізілді. Барлық жас мамандар жоспарға сай ашық сабақтарын, сыныптан тыс шараларын өткізді. Қашықтықтан тәрбиеленіп жатырған балабақша тәрбиелушілері үшін тәрбиешілер қашықтан өткізілетін оқу қызметін бейне сабақ ретінде көрсетті. Тәлімгерлер де шеберлік сынып барысында өз тәжірибелерімен бөлісті. Апталықта өткізілген барлық шараларға мектеп директоры, оқу, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Ұсынба:
- Апталық барысында өткізілген ашық сабақ, сыныптан тыс шаралар бойынша берілген сын-ескертпелер, кеңестер қатерге алынсын;
- Жас маман мен тәлімгерлері арасындағы ынтымақтастық жұмыстары жандандырылсын;
- Мектеп психологтарына жас мамандардың өздеріне деген сенімділігін арттыру, психологиялық кеңестер беру жұмыстарын жалғасын тапсын;
- Іс-тәжірибелерін тарату мақсатында өткізілген іс-шараларды әдістемелік жинақ, баспасөз беттеріне беру жұмыстары қолға алынсын.
«Жас қанат» жас мамандар мектебінің жетекшісі: Ж.Қ.Урбисинова