Жалпы мектептегі псхологиялық қызметтің негізгі мақсаты: оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, өзін-өзі тәрбиелеуге, мектепке бейімделуіне, бір-бірімен тіл табысуына көмектесу, танымдық деңгейлерін анықтау, түрлі бағытта жүргізілетін тест, анкета, сауалнама қорытындысы бойынша, нәтижесі нормаға сәйкес келмейтін балалармен және өз еріктерімен келген балалармен жеке кеңестер мен түзету жұмыстарын жүргізу.

 Қалалық білім беру бөлімінің психологиялық әдістемелік шығармашылық топтың шешімімен бекітіліп берілген жылдық  жоспар бойынша жұмыстарымыз толықтай қамтылды. Бастауыш сыныптар буынында таным процестері өткізіліп, орта деңгейдегі көрсеткіштерін көрсетті. 5- сыныптағы бейімделу кезеңінде балалар толықтай мектеп жағдайына, оқу тәрбие процесіндегі мотивацияларға қалыптасып, оқу материалдарын толық меңгерді. 9-сыныптардағы кәсіптік бағдар бойынша жұмыстар қамтылды және мектептің қортынды аттестатау бойынша жұмыстар жеке жоспар бойынша жүргізілді.

1-11 сынып оқушылары қамтылды. 7сынып оқушыларының өздерінің ерекшеліктерін сезіну үшін «Менің ішкі әлемім», оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында 8- сынып оқушыларына «Жарасымды қарым қатынас», 9, 11 сынып оқуышыларының қорытынды аттестаттау  кезіндегі қорқынышын жою мақсатында «Сенімділік күш береді», «Біз стреске жол бермейміз» атты тренинг сабағы жүргізілді. Сынып ата-аналарына «Ата-ана тарапынан психологиялық көмек ұйымдастыру» мақсатында   ата-аналға баланың емтихан кезіндегі күн тәртібін сақтау жөнінде  инстаграм желісі арқылы  психологиялық кеңестер ұсынылды.

 

2.Диагностикалық жұмыстар бойынша

Қаңтар айында 1-4 сынып оқушыларының ойлау, қабылдау қасиеттерін зерттеу, мектепішілік қобалжуды диагностикалау барысында «Көңілді, көңілсіз» және оқушылардың агрессивті деңгейін анықтауға бағытталған сауалнама, 4 сыныптарға Филипс бойынша  «Мектепішілік үрейді анықтау», 5-8 сыныптарға Филипс бойынша қобалжуды анықтау, 9-11 сынып оқушыларына Кондаш тесті, оқушылардың суицидке бейімділігін анықтау үшін 8-11 сыныптарға СБА сауалнамасы, 5-11 сыныптарға психологиялық  диагностикалар өткізілді.

Мектебімізде инклюзивті білім беру бойынша ПМПК анықтамасымен 29 оқушы бар. 6 оқушы денсаулық жағдайына байланысты үйден оқытуда. Әр баланың диагнозына сәйкес жұмыстар жүргізіліп, жұмыстары жинақталған.

 

  1. Түзету-дамыт жұмыстары.

1сынып оқушыларының бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында «Кішкентай көңілді балалар » тренингі жүогізілді. 9 сынып оқушыларына стрестен арылу мақсатында

 «Біз стреске бой бермейміз» тренинг сабағы және нерв жүйесін қалпына келтіру жаттығулары жүргізілді. «Жетістікке жету өз қолыңда», «Өмір қымбатсың маған», «Стреспен қалай күресуге болады», «Эмоция және мінез құлық», «Сенімділік күш береді» тренингтері жүргізілді.

  1. Кеңес беру.

Оқу жылы басынан бастап мектеп оқушыларына, ата-аналарға және ұстаздарға үнемі кеңес беру жұмыстары жүргізілуде.

  1. Сабаққа ену.

1-11 сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын, тәртіптерін байқау арқылы оқушыларды психологиялық зерттеу мақсатында сабаққа ену жұмыстары жүргізіліді. Оқушылар мен ұстаздарды бақылап, әңгімелесу, кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

 

Мектеп психологі    C.Ж. Абдрахманова.