№50 ЖОББМ 2021-2022 оқу жылы
Математика, информатика және физика пәндерінің әдістемелік бірлестік апталығының есебі
Математика, информатика және физика пәндер апталығы 18– 23 қараша аралығында ұйымдастырылды.
Тақырыбы: «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде»
Мақсаты: Математика, информатика және физика сабақтарында және тыс іс-шараларда оқытудың замануи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру, олардың көмегімен өз пәні бойынша сабақтың біліктілік сапасын көтеру.
4 – 11 сыныптар арасында математика, физика және информатика пәндерінен сыныптан тыс шаралар өткізілді.
18 қазанда 5 – 11 сыныптарға апталықтын салтанатты ашылуы болды. Барлық пәндер мұғалімдері жоспармен таныстырды.
19 қазан күні 5 сыныптарда «Математикалық сыр сандық» атты көңілді тапқырлар сайысын математика пәні мұғалімдері Губашева А.Т. мен Сағынғали А.М. өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сайыс 5 бөлімнен тұрды. Оқушыларды 5 топқа бөліп өткізді.
- Бәйге (Сұрақтар алаңы)
- «Есептер кемесі»
- «Сандар сөйлейді» (мақал - мәтелдер)
- «Кім жылдам?» (Адасқан әріптер)
- Қорытынды
Мұғалім уақытты тиімді пайдаланды. Сыныптан тыс шара қызықты өтті, оқушылар шараға белсенді қатысты.
Қорытындылауда жеңімпаз топ марапатталды.
20 қазан күні «Математика және спорт» Эстафета жарысын 6-сыныптар арасында Орнекшова Б.Н. мен Мурбанова Т.Г. ұйымдастырды.
Жарыстың мақсаты: 1. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета
спорттық ойынын дамыту және оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
- Оқушылардың денсаулығын арттыру және шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу .
Оқушыларды топқа бөліп, ойын ережесімен таныстырды.
1 топ: Тұлпар
2 топ: Бүркіт
3 топ : Желаяқ
4 топ : Бірлік
Сайыс кезеңдері:
1-тур. «Кім жылдам» ойыны
2-тур. «Формуланы дұрыс пайдалан!» ойыны
3-тур. «Футбол» ойыны
4-тур. «Арқан тарту» сайысы
5-тур. «Логикалық сұрақтар» сайысы
Оқушылар бұл эстафеталық жарысына үлкен жауапкершілікпен қатысты.
1-ші орын 6"в" сынып оқушылары
2-ші орын 6"б" және 6"ә" сынып оқушылары
3-ші орын 6"а" сынып оқушылары
20 қазанда «Информатика әлеміне саяхат» атты тапқырлар сайысын 7 сыныптар арасында Қасым А.А. өткізді.
Сайыс 6 кезеңнен тұрды.
- I. Таныстыру
ІІ. «Білімді мыңды жығады»
ІІІ. «Өзге тілдің бәрін біл»
ІV. «Тапқыр болсан тауып көр»
- «Адасқан әріптер»
- «Кім жылдам?»
Командаларды марапаттау.
Бас жүлде “Жас бірлік” тобы
1-орын “Қыран” тобы
2-орын “Жүйріктер” тобы
3-орын “Сұңқар” тобы
Қатысушы сыныптар: 7”А”,”Ә”,”Б”,”В”.
Пән мұғалімі оқушыларының белсенділік танытуына көп көңіл бөлді және ойын қызықты өтті.
21 қазан күні «IT battle» атты интеллектуалдық сайыс 9-11сыныптар арасында математика пәні мұғалімдері Орнекшова Б.Н., Абдиева А.Я. және Зулхаева А.Т. өткізді.
Оқушыларды топқа бөлді (The Hat программасы арқылы). Ойын ережесімен таныстырды.
1 топ: Аристотель
2 топ: Пифагор
3 топ : Әл-Фараби
Сайыс кезеңдері:
1-тур. Kаhoot программасы арқылы «Кім жылдам» ойыны
2-тур. Формула батлы (әр топтан оқушылар кезекпен дұрыс формула жазу керек және ол формулалар қайталанбауы тиіс)
3-тур. Сөз жұмбақ шешу
4-тур. Қызықты сұрақтар сайысы
Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықталды. IT battle белсене қатысқаны үшін 9а, 9ә, 10а, 10ә, 11а,11ә сынып оқушылары марапатталды.
Тәуелсіздікке 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік тірегім» атты Paint бағдарламасында сурет салу сайысы 4 сыныптар арасында өткізілді пән мұғалімдері Мыржикова Т.Д., Кабекенова Г.У.
Мақсаты: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Оқушылар шатта отырып Paint бағдарламасында сурет салды. Жеңімпаз оқушылар марапатталды.
22 қазан күні «Физика әлемінде» атты ойын сайысы 8 сыныптар арасында физика пәні мұғалімдері Бекеньязова А.С. және Шайхиева А.С. ұйымдастырды.
Бұл шараға оқушылар үш топқа бөлініп қатысты. «Конвекция», «Механика» және «Магнит» тобы болды.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды.
І. «Жұмбақтар»
ІІ. «Кім көп формула біледі»
ІІІ. «Сен білесің бе?», «Есіңе сақта», «Міне, қызық!»
ІҮ. «Кім тапқыр!»
Ү. «Кім жылдам!»
Оқушылар белсене, қызығушылықпен қатысты.
Физика әлемінде бойынша
1 орын «Конвекция» тобы 8Б сынып
2орын «Механика» тобы 8Ә сынып
3орын «Магнит» тобы 8А сынып
23 қазан күні «Берекелі күн жүйріктері» мектептін ұстаздары арасында интеллектуалды сайыс өткізілді.
Мұғалімдерді топқа бөліп, ойын ережесімен таныстырылды.
1 топ: Тапқыр томпақтар
2 топ. Ақылды қозылар
Сайыс кезеңдері.
І-кезең. « Ойлы болсаң озып көр»
ІІ. Кезең. «Логика»
ІІІ кезең. «Қас қағым сәт»
«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» атты апталық қорытындысы бойынша марапатталды.
ӘБЖ: Мыржикова Т.Д.