Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің
«№50 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Тақырыбы:
«Тазалық – денсаулық кепілі»
Мектепалды даярлық «Ә» сыныбы
Тәрбиеші: Есенова В. Б.
2021жылы
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы: «Тазалық – денсаулық кепілі»
Мақсаты: Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.
Барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Шаттық шеңбері:
Сәлем көздерім,
Сәлем құлақтарым,
Сәлем қолдарым,
Сәлем аяқтарым,
Біз ояумыз ба?
- иә ояумыз.
Көздерім көріп тұр,
Құлақтарым естіп тұр,
Қолдарым соғып тұр,
Аяқтарым топылтатты.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын осы  жұмбақтарды шешу арқылы  біле аламыз. (слайд)
 Жұмбақты шеше отырып, «Тазалық – денсаулық кепілі» атты  ұйымдастырылған оқу қызметін бастаймыз.
- Дымқылдап күнде сен
 
Қолыңды сүйкесең
Кетіп кір,ласың
Тап-таза боласың
Бұл не? (Сабын)
- Шомылған баланы
 
Аймалап алады
Сүртеді қолың да
Сүртеді жонын да
Бұл не? (Сүлгі)
- Аузы жоқ,көзі жоқ
 
Тілі жоқ,сөзі жоқ
Бірақ та тісі жоқ
Басыңмен ісі бар
Бұл не? (Тарақ)
Бұлар тазалық құралдары. Таза болып жүруіміз үшін керекті заттар. Балалар Тазалық туралы айтқанда, ойымызға не келеді?
 «Тазалық» сөзін топтастыру.
 - Балалар, тазалық дегенді қалай түсінеміз?
 Жұпар иіс, тазалық,  гигиена, щетка,  денсаулық,  кір жуу, таза киім, тәртіп, шаңсорғыш.
 (Тосын сәт: бізге бір  сәлемдеме қорап  тастап кеткен)
 - Балалар, бүгін біздің тазалық туралы тақырыбында тәрбие сағатымыз болатынын біліп, бізге не жіберіпті, танысайық…. (сәлемдемемен таныстыру). Шығарамын.
- Балалар, бұл заттардың бәрі не? Не үшін керек? (тазалықты сақтау үшін )
 - Ал тазалықты сақтау не үшін керек? (деніміз сау болу үшін)
 - Ал денсаулық адамға керек пе?
 Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Біздің өмірімізді жарық қылатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
 Оқушылар: Денсаулық
Негізгі бөлім:
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
«Тазалық – денсаулық кепілі» слайд арқылы түсіндіру.
 Бүгінгі тәрбиелік іс - шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық, тазалық  жөнінде болмақ. Денсаулық деген сөз - дененің саулығы деген мағынаны білдіреді. Дененің сауы – сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі – денсаулықтың белгісі. Ендіше «Денсаулық – зор байлық»деп халқымыз айтқандай, денсаулықты еш нәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір - біріне бірінші денсаулық тілейтіні себебі, міне, осында. Дені сау адам, әрдайым көңілді, жүзінен шаттық нұры төгіліп жүреді. Сондықтанда өз денсаулықтарыңызға жауапты қарап, оны сақтауымыз керек.
 Онда ауырмай әдемі, таза болу үшін өз - өзімізге қызмет көрсету дағдыларымен танысамыз. Тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін білетініміз туралы көрсетейік, ал ендеше. Шаш және тырнақ күтімі. Енді тістеріңді қалай тазалау керек,
Денсаулықтың қастары мен достары (слайд)
 Денсаулықтың қастарының бірі – еріншектік. Бетін суық суға тигізгеннен қорқып, денесін шынықтырмай, есік алдына шығып, ойнамай, еңбек етпей жүрген балаларды айтамыз.  Денсаулықтың қастарының бірі - әке - шешенің, мұғалімнің, үлкен адамдардың айтқандарын тыңдамау. Ол кісілер оқы, үйрен дейді. Ал оқып үйренсең, ойын сергек, денсаулығын мықты болады.
Денсаулықтың  достары – ол тазалық. Ұқыпты жүріп, спортпен айналысу. Киімімізді, үстімізді таза ұстау. 
 - Неліктен жеміс - жидектерді жердің алдында ата - аналарың мен үлкендер «жуып же» дейді?   - Сендердің ойынша, тамақ ішерден бұрын қолды жуу керек па?
Видео көрсету.
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін тағыда қандай шарттар орындау қажет? Кім біледі?
- Денемізді, беті - қолымызды, киімімізді әрдайым таза ұстау керек.
 
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
 • Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
 • Дәрумені мол тағамдарды,  жемістермен көкөністерді жеу керек.
 
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
 - Таңертең тісімізді  тазалап, беті - қолымызды, мойнымыз  бен құлағымызды  жуу керек.
 Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
 - Тамақ ішердің алдында,  жұмыс істегеннен кейін,  әжетханадан соң міндетті түрде қолымызды жуамыз;
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
 - Шашымызды дұрыстап жуып: уақытылы тарап, өріп жүруіміз керек;
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
 - Сырт киіміңді орындыққа тастамау керек, киімілгішке ілу қажет. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпау керек.
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
Дұрыс тамақтануымыз қажет.  Пайдалы жемістер мен көкөністер жеу керек.
 
- Иә балалар дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар!.
 
Мұғалім:
 - Ертеде бір кір-қожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі ең жек көретін нәрсесі – қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында, аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.
 - Бұл не деп ойлайсыңдар?
 - Кірді не кетіреді деп ойлайсыңдар?
 - Дұрыс, сабын.
Тәжірибе жасау:
Кірден, микробатан бізді тазалық құтқарады дедік.. Ендеше микробтар сабыннан қорқама екен? Тәжірибе жасап көрейік.
(Ыдыста таза құйылған судың үстіне бұрыш себеміз, бұл – микробтар. Осы микроб неден қорқады екен? Сабын саламыз. Міне сабын салынған жердің микробы қашып, жылжып кетті. Яғни шаң-тозаң, микробтар сабыннан қатты қорқады. Себебі сабын оларды жойып жібереді.)
 Осы сабын қайда жасалады деп ойлайсыңдар? (зауыттарда)
 Жауаптарын тыңдау.
 - Балалар, мен сендерге сабынды қалай жасайтындығын айтып берейін.
 Ертеде зауыт, фабрика болған жоқ, қазақ халқы сабынды қолдан жасаған. Ол үшін алабота, малдың сүйегі мен майы керек.
 
Алабота – шөп тектес өсімдік. Ол жол жиектерінде, мал қораларының маңайында қаулап өседі. Балалар осы алаботаны тасып, тау - тау ғып үйіп тастайды. Оны өртейді. Өртегеннен кейін күлі қалады. Мұны «сақар» дейді. Ал шешелеріміз қысқы соғымның сүйегін шашау шығармай, қапқа сала береді. Енді сол сүйекті қазанға салып қайнатады. Малдың майын қазанға салып шыжғырады. Енді қазанға үшеуін салып қайнатады. Қайнап жатқанда кепсермен неше сапырылып, неше тұндырылады. Әлден уақытта шидің үстіне сопақша ұзынша, төртбұрышты қара сабындар тізіліп жатады. Осыны «бұзаушық» дейді. Бұрынғы заманда ата - бабаларымыз сабынды осылайша дайындаған.
 Міне осылай күнделіктегі тұрмысымызда қолданылатын сабын пайда болған.
 Сергіту сәті. Ал қазір қолды  қалай жуу керек екенін білеміз. Қимылдарын қайталаңдар.
  
Тақтада барлық балалар қатысып орындайды.
Ойын: «Зиянды нәрселер мен пайдалы нәрселерді ажырат»
Шарты: мусор жәшігіне зиянды заттарды саламыз, ал пайдалы нәрселерді себетке саламыз.
Әр балаға жеке өзі орындайды. 
 Дидактикалық ойын: «Пайдалы және зиянды нәрселерді ажырат»
 Шарты: Әр түрлі суреттердің ішінен пайдалы заттарды белгілеп қоршайды, зиянды нәрселерді де тауып сызып тастайды.
Қорытынды бөлімі:
Осы сынып сағатымыздан не білдіңдер. Не түйдіңдер?
- Тазалыққа пен денсаулыққа байланысты айтылған мақал – мәтел мен тақпақтар біледі екен?
Мақал-мәтел:«Денсаулық-зор байлық»
Мақал-мәтел:«Дені саудың-жаны сау»
Мақал-мәтел:«Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде».
Мақал-мәтел:Бірінші байлық-денсаулық
Екінші байлық-ақ жаулық
Үшінші байлық-он саулық
Мақал-мәтел:«Тазалық-денсаулық негізі
Денсаулық-байлық негізі»
Мақал-мәтел:«Шынықсаң-шымыр боларсың»
Мақал-мәтел:«Денсаулықтың кепілі тазалық»
Тақпақ:Тазалықты іздесең,
Мөлдір судан табасың,
Жиі-жиі жуынсаң,
Аппақ, таза боласың.
Тақпақ: Тазалықты іздесең,
Шампунь, сүлгі керегі
Бірі жуып шашыңды,
Бірі сүртіп береді.
Осымен бүгін сабағымызды қортындылаймыз.
«Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаған. Денсаулығымыз мықты болу үшін спортпен шұғылдану, тазалықты сақтау керек. Әр баланың жеке басының тазалығына мұқият болуы - оның болашақ өмірінің алтын діңгегі. Ешқашан ауырмай, өз денсаулығымызды күтейік.
https://sh50-uralsk.edugov.kz/kz/distemelik-b-lim/aptaly-tar/196-tazaly-densauly-kepili-mektepaldy-dayarly-synyby.html#sigFreeIdc8283df249
Мақал-мәтел:«Денсаулық-зор байлық»
Мақал-мәтел: «Дені саудың-жаны сау»
Мақал-мәтел: «Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде».
Мақал-мәтел: Бірінші байлық-денсаулық