БҚО әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің « №50 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Сабақтың мақсаты:  Дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру;  
                                         оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірталас.
Сабақтың көнекілігі: Жеміс-жидек суреттері. Жасанды жеміс. Сүт тағамдарының суреті.
Сабақтың барысы: І. Кіріспе бөлім:
Мұғалімнің сөзі:
Психологиялық дайындық:
 Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап ...
                 Сәлем!
 Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап ...
                   Сәлем!
 Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла ...
                   Сәлем!
 Кел, қосылып айтайық бір-бірімізге ...
                   Сәлем!  
 
 
- Балалар, сендерге Данышпан атай хат арқылы жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар, өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі шарамыз да сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.
 Оны күткен адамдар,
 Ұзақ өмір сүреді.
 Қадірін білген жарандар,
 Байлық осы деседі. (денсаулық)
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі.
 ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
 ІІІ. Негізгі бөлім
 Мұғалім түсіндірмесі. 
 Адамның  ең   үлкен  байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты, ағзаның  күшін  нығайтудың  басты кепілі – дұрыс тамақтану. Тамақтану – адам  ағзасы  үшін аса маңызды  қажеттілік. Біздің  денсаулығымыз  көбінесе  қалай   тамақтануымызға  байланысты.  Дұрыс тамақтану – денсаулық  негізі. Ой  еңбегіне, іс-әрекетке де күніне  көп  күш-қуат  жұмсалады.   Ол қуатты, ағзаға  қажетті  қоректік заттарды   біз  ішер  астан  аламыз. Ендеше біз бүгін сабағымызда осы тамақтану туралы сөз қозғамақпыз.
 Қазір «Ашық микрофонға» шығып, өз білімімізбен бөліселік:
 (Балалар орындарынан тұрып өздері білетін тамаққа байланысты мақал-мәтелдерді айтады)
 Арнұр: Ас атасы – нан
 Бақнұр: Арпа, бидай ас екен,
              Алтын, күміс тас екен.
 Әмина: Ас бар жерде ауру жоқ
 Бауыржан: Асты аяқ әдемі.
 Кәусар:Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы.
 Дарья: Малды теппе,
             Асты төкпе.
 Айкөркем: Ішің ауырса ауызыңды тый.
 Әли:Ас - адамның арқауы.
 Бір түрлі тағам денсаулыққа қажетті қоректік заттардың барлығын бере алмайды. 
 Мәселен: бал, қарақұмық, геркулес, жүзім, май- қимылдар жасауға, жақсы ойлануға, шаршамауға көмектеседі.
 Ірімшік, ет, жұмыртқа, жаңғақтар* ағзаның мықты болуына, сүйектердің жақсы дамуына көмектеседі.
 Ал жемістер мен көкөністер ағзаның өсіп дамуына қажетті бәрумендерге бай болады.
 Қазір сіздер көкөністерді қаншалықты білетіндеріңіз туралы байқап көрелік:
 «Көкөніс базары» ойыны.
 1.Көкөніс қайда? (Бақшада)
 2. Балалар бақшада көкөністерді баптап өсіретін адамды кім дейміз? (Бағбан)
 3. Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді? (жылыжайда)
 4. Көкөністерді қалай өсіреді? (Тұқым себу)
 5. Тығыз оралып өскен жапырақты не деп атаймыз? (Орамжапырақ)
 6. Шикілей жеуге болатын көкөністерді ата?
 7. Көкөністерді қалай күтіп өсіреміз? (құнарлы топырақ, аррамшөп жұлу, суару)
 8. Көкөністерді жылдың қай мезгілінде отырғызады? (көктем)
 Салыстырамыз алма мен сәбізді. 
 -Балалар алма көкөніс пе әлде жеміс пе?
 - Жеміс
 -Сәбіз көкөніс пе әлде жеміс пе?
 -Көкөніс – өте дұрыс балалар. Олай болса мен сендерге қазір файлға салынған сәбіз суретін бояуға беремін. 
 Суретті бояймыз. 
 Файлдың ішіне тамызылған бояу арқылы сәбізді бояйды.
 Есіңе сақта:
 Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану
 1. Қолыңды сабындап жу
 2. Қисаймай, түзу отыр
 3. Қасықты оң қолыңмен ұста
 4. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап, газет оқыма
 5. Шамадан тыс тойып ішпе
 6. Нанды үзіп же
 7. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу.
 «Тамақты шын көңілмен сүйсініп ішу керек»И. П. Павлов
- «Тамақтану бағдаршамы » ойынымен сабақты аяқтайық: Оқушыларға қай тағам пайдалы, пайдасы аз тағамдар деген сұрақтар қойылады. Пайдалы тағам туралы айтылса, бағдаршамның жасыл түсін, келіспесе- қызыл түсін көрсетеді.
 (балық, сағыз, чипсы, айран, «Кола», шоколад кәмпиттер, сәбіз, сарымсақ, торт, алма, орамжапырақ, қарақұмық)
Яғни тамақты белгілі бір уақытта ішуге тырысу. Мезгілсіз ішілген тамақ зиян. Мысалы ұйқыға жатар алдында тамаққа тою бұл асқазанға ауыртпалық түсіреді. Және тамақ ішпей жүре беру, шала-шарпы, асығыс тамақтану. Бұл да адам денсаулығына зиянды.
 Тамақ жегенде дұрыс, асықпай жеу керек. Асығып, дұрыс шайнамай жеу де зиян.
 Пайдалы дәрумендері бар тағам, жеміс-жидектер жеу. Жеміс-жидектер адам организіміне өте пайдалы.
 Ет, сүт тағамдарын жеу. Бұл да адам денсаулығына пайдалы. Сонымен бірге дұрыс тамақтануға тазалық сақтау да жатады. Ас ішерде міндетті түрде қолды сабындап жуу керек. Жеміс-жидектерді жуып жеу керек. 
 Қорыту: Кішкентай кезден адам баласы пайдалы тамақтармен,  түрлі дәрумендермен уақытылы тамақтанса, сонда ғана баланың денсаулығы   мықты  әрі күшті, ой-өрісі кең болады.
 Ас - адамның арқауы
 Аспен күш артады
 Тағам іш жағымды
 Тазартар жаныңды,-деп сынып сағатын аяқтаймыз.
Мадақтама: Балаларға мадақтама









	

