Батыс қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің «№ 50 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

Тақырыбы:

Дені саудың – жаны сау

ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

МАД «Ғ» тобы

 

 

 

Тәрбиеші: Л.Ж.Жасанова

 

 

2020-2021 оқу жылдары

 

Күні: 18.02.21ж

Педагогтің аты-жөні: Л.Ж. Жасанова

МАД «Ғ» тобы

 

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі:  Сурет салу. Жапсыру.Мүсіндеу

Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау».

 

Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

 

Қажетті құралдар:  бояу , қарындаш, краска,ермексаз.

Әдіс-тәсілдері: видеоролик,әңгімелеу, түсіндіру,ғажайып сәт, мақал-мәтел, жұмбақ, сұрақ-жауап.

 

Көптілділік компонент: көкөністер мен жемістер-овощи и фрукты-ovoshchi I frukty

 

Шаттық шеңбері:

 

Дөңгеленіп тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Қол алысып қәне біз

Ақ тілекті жолдайық

Әлемде нұр тыныштық

Әр бір бейбіт күн ыстық

Қайырлы таң достарым!

 

-Қәзір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қыс мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?  -Балалардың жауабы

 

Балалар назарларыңды видеороликке аударамыз.

 

-Ендеше, бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы:  «Дені саудың – жаны сау» деп аталады.

 

-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар, адам үшін осы өмірде ең басты не қажет?

-Балалар:-Денсаулық

Дұрыс айтасыңдар.

 

Слайдқа назар аударамыз. \әңгімелеу\

 

 

Егерде денің сау болсын десең не істеу керек?

-Ерте тұру керек.

-Шынығу керек.

-Күнде жаттығу жасау керек

-Дұрыс тамақтану керек.

-Таза ауада көп серуендеу керек.

-тазалықты сақтау.

 

-Ендеше «ДЕНСАУЛЫҚ» туралы мақал –мәтел айтайық!

Денсаулық туралы мақал-мəтелдер.        

1.Шынықсаң шымыр боларсың.

2.Адамның басты байлығы денсаулық.

3.Дана көптен шығады,

   Дəрі шөптен шығады.

4.Бірінші байлық-денсаулық.

5.Ауырып ем іздегенге,

   Ауырмайтын жол ізде.

6.Ауру батпандап кіреді,

    Мысқылдап шығады.

7.Дерт көп, денсаулық біреу.

8.Демі бардың емі бар.

9.Ішің ауырса аузыңды тый,

   Көзің ауырса қолыңды тый.

 

 

Жұмбақ жасыру

1.Ертеменен күнде сен

   Қолыңды сүйкесең

   Кетіп кір –ласың

  Тап таза боласың.  \ Сабын\

 

2.Аузы жоқ, көзі жоқ

Тілі жоқ, сөзі жоқ

Бірақ та тісі бар

Басыңмен ііісі бар. \Тарақ\

 

3.Шомылған баланы

Аймалап алады.

Сипайды қолын да

Сипайды жонында.  \Сүлгі\

 

4.Иілсең иіліп

Түйілсең түйіліп

Қарайды кісіге

Ұқыпты ісіне.  \Айна\

 

Ғажайып сәт: «Русланнан хат келді»

-Саламатсыздарма Балалар!

Менің атым- Руслан. Менің үнемі ішім ауырады. Анам мұның себебін дұрыс тамақтанбаудан дейді. Маған сендердің көмектерің қажет.

 

-Қәне , балалар, Русланның іші неге ауырып қалған, кім өз ойын айтады.-балалардың жауабы.

-Оған қандай кеңес береміз? –балалардың жауабы.

 

Сергіту сәті:

 

Көптілділік компонент: көкөністер мен жемістер-овощи и фрукты-ovoshchi I frukty

 

Қәне, олай болса екі топқа бөлініп, жемістер мен көкөністерді

 1 топ- ермексазбен

 2 топ-  краскамен жұмыстанады.

 

Ойын: «Пайдалы және зиянды тағамдарды ажырат»

Шарты: үстел үстіндегі пайдалы және зиянды тағамдардың суреттерін ажырату.

-Балалар бүгінгі сабақ ұнадыма?

-Бүгінгі сабаааақтан  алған әсерлеріңді смайликпен көрсетіңіздер.

Мадақтау