Қаламыздағы  Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы қазіргі уақытта облыстағы балалар және жасөспірімдер әдебиетінің рухани байлығын сақтаушысы ғана емес, мәдени, рухани орталығы болып та саналады. Бүгінде   кітапханамыз пaрaсаттылық пeн бiлiмдiліктiң, бiлiктiліктiң киeлі oрдaсы.

Мектептің 5 сынып оқушылары экскурсияда болып,  кітапхана бөлімдері және тарихымен, кітап қорындағы кітаптар және мерзімді басылымдар туралы ақпараттар алып, кітапхананы пайдалану ережелерімен танысты.

Х.Есенжанов өзінің жазушылық жолын 1930 жылдары өлең, әңгіме жазудан бастады. Сол жылдары республикалық басылымдарда «Өлеңінің жағасында», «Қызыл құмақ», «Күшке күш» сияқты әңгімелері және «Жер шарында» атты сахналық шығармасы жарияланды. Сонымен қатар бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар, көптеген әдеби сын мақалалар жазды. Хамза 1956 жылдан өнімді творчестволық еңбек жолын бастады. Ол бұл жылы «Ақ Жайық» трилогиясының (1-ші, 1957; 2-ші кіт. 1959; 3-ші кіт.1965) жариялады, - деп Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бөлім басшысы, «кітапхана саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Хамзина Гүлназ Мұхамбетқызы оқушыларды жазушының   мұрасымен таныстырып,  шығармалары туралы мағлұмат берді.