ХАБАРЛАНДЫРУ

Білім беру ұйымының атауы: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің «№50 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зачаганск кенті, Сарытау ықшам ауданы, С.Айтқұлова көшесі 63           

Байланыс мәліметтері:  пошталық мекен-жай 090009

                                            телефон:  +7 (7112) 30 -17- 39,  +7 (7112) 30 -19- 14            

                                            электрондық адресі: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.   

                                            

Ваканттық бос орын: Педагог - психолог  лауазымы бойынша 1 орын  /уақытша бос лауазым,  жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық беретін еңбекке уақытша жарамсыздығы уақыт (наурыз – шілде аралығы, 1 жүктеме /

Еңбекақы мөлшері: жоғары білімді,  еңбек өтілінсіз – 107,000т.

Әрі қарай педагогикалық еңбек өтілі мен санатына байланысты есептеледі

Лауазымдық міндеттері:

  • мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
  • баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды. психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды;
  • мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді;
  • қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ оны педагог-ассистент іске асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды жасайды, оларды жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады;
  • мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;
  • ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді;
  • белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
  • кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;
  • балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының Білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілері;

жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогика, тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика;

педагогикалық этиканың нормалары;

арнайы мектепке дейінгі педагогика, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;

белсенді оқыту әдістері, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингі;

ата-аналарға арналған жеке және топтық кәсіби кеңес берудің заманауи әдістері, баланың дамуындағы бұзылыстарды диагностикалау және түзету;

еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.03.2023ж. – 15.03.2023ж.

Қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Көрсетілген құжаттар тізбесіндегі біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

5 жұмыс күн ішінде конкурстық комиссия  сағат 9.00 -ден 18.00- ге дейін өткізіледі. («№50 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, адрес: Орал қаласы, Зачаганск кенті, Сарытау ықшам ауданы, С.Айтқұлова көшесі 63)

Атауы Жүктеу
1 Педагог-психолог лауазымы