№ 50 ЖОББМ-нің  қаңтар айындағы ыстық тамақты тексеру барысы

Мектептің  2021-2022 оқу жылының ұйымдастыру жоспарына сәйкес , оқушылардың қаңтар айындағы ыстық тамақпен қамту барысына бақылау жүргізілді. Бақылау барысында мектептің бастауыш сынып оқушылары мен жеке санаттағы отбасы балалары кестеге сәйкес тамақтанып жүргендігі анықталды. Асханадағы арнайы бұрышта күнделікті ас мәзірі уақытылы ілініп, қадағаланып отырады. Оқушыларға берілетін ыстық тамақтардың және буфеттік тағамдардың мөлшері талапқа сай, тамақтардың құрамы мен сапасы тиісті деңгейде екендігі анықталынды. 

 

Әлеуметтік педагог     З.Казмагамбетова