Мектептегі сабақ кестесі санитариялық-эпидемологиялық қағидалар мен нормалар талаптарын ескере отырып және оқу уақытын ұтымды пайдалана отырып, білім алушылардың шамадан тыс жүктемесін болдырмау мақсатында барлық сыныптар үшін оқу күні мен апта бойы аралас форматтағы (кезекші сыныптар мен қашықтан оқыту) сабақтардың кезектесуін ескере отырып құрылып отырды.
Сабақ кестесін құруда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекiтiлген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидалары» санитариялық қағидаларының талаптары басшылыққа алынды.
Мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету жұмыстары онлайн сабақтар, семинарлар, әдістемелік құралдар, шеберлік сыныптары арқылы жүзеге асады.
2021-2022 оқу жылы басында 120 педагог қызметкер жұмыс атқарып келді, жыл соңында 118 педагогпен аяқтадық. 2020-2021 оқу жылымен салыстырсақ, ескі формат бойынша біліктілік санаттағы мұғалімдер азайып, жаңа формат біліктілік санатындағы мұғалімдер саны артып келеді.
Оқу жылдары |
Педагог тар саны |
Жоға ры санат |
І санат |
ІІ санат |
Санатсыз |
Педа гог зерттеуші |
Педа гог сарапшы |
Педагог модератор |
|||||||
2020-2021 |
110 |
2 |
2% |
11 |
10% |
8 |
7% |
25 |
23% |
4 |
4% |
23 |
21% |
37 |
33% |
2021-2022 |
118 |
1 |
1% |
1 |
3.3% |
7 |
6% |
35 |
26,3% |
9 |
5,1% |
29 |
22% |
41 |
35% |
І санат бойынша 2020-2021 оқу жылында 11 мұғалім болса, 2021-2022 оқу жылын 1 мұғалім аяқтап отыр. 10 мұғалімнің 3-еуі /Г.Жукеева, О.Ниязғалиева,А.Зайнуллина/ зерттеуші санатын; 2-еуінің /А.Зулхаева, Т.Айткалиев/ біліктілік санаттары ІІ /шекті балды жинай алмай қалды/ санатқа түсті;3-еуі сарапшы; 2-еуі модератор санаттарын алды.
Республикалық олимпиаданың мектеп кезеңіне санитарлық талаптарды сақтай отырып, 6 пәннен, атап айтқанда қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану, қазақстан тарихы пәндері бойынша 5 – сыныптардан 43 оқушы, 6- сыныптар бойынша 35 оқушы, барлығы 78 оқушы қатысты. Осы аталған 6 пәннен 5 – сыныптардан 6 оқушы, 6-сыныптардан 6 оқушы, барлығы 12 оқушы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне жолдама алды. Олимпиадаға оқушыларды дайындау үшін дайындық кестесі құрылды. Қалалық кезеңге сұраныс бойынша жолданған 12 оқушының барлығы да олимпиадаға қатысып, білімдерін сынады. Қалалық кезеңнің қорытындысына келсек, 4 пән бойынша 5 жүлделі орынға ие болдық. 2 (І, ІІІ) орын, 3 алғыс хатымыз бар. Қатысқан 12 оқушының 5- еуі жүлделі орынға ие болды, яғни 3 –еуі 5 сыныптан, 2-еуі 6 сыныптан. 5 сыныптан екі жүлделі орын, бір алғыс хат. 6 сыныптан екі алғыс хат. Атап айтсақ, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша 5 «в» - сынып оқушысы Айтқали Ақбота 44 ұпай жинап І орынға ие болды /пән мұғалімі Ихсанова Ш.С./ және орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5 «б»-сынып оқушысы Асқар Гүлден 38 ұпай жинап ІІІ орынға ие болды /пән мұғалімі Мукашева А.Т./ Алғыс хат иегерлері: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша 6 «а» - сынып оқушы Әнуарбек Сымбат 31 ұпаймен /пән мұғалімі Қарес Д.С./. Қазақстан тарихы бойынша 6 «а» -сынып оқушысы Каримоллин Нұрзат 32 ұпаймен /пән мұғалімі Жумакулова В.К./, математика пәні бойынша 5 «а»- сынып оқушысы Серік Айдана 18 ұпаймен /пән мұғалімі Губашева А.Т./. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша 5 «в» - сынып оқушысы Айтқали Ақбота 44 ұпай жинап І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды /пән мұғалімі Ихсанова Ш.С./. Нәтижесінде Айтқали Ақбота қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша /пән мұғалімі: Ихсанова Ш.С./ облыстық кезеңнен ІІ орын алды. 2020-2021 оқу жылымен салыстырғанда 5-6 сыныптардан мектепішілік олимпиадаға 37 оқушы қатысып, 15 оқушы қалалық кезеңге жолдама алып, 6-уы жүлделі орынға ие болғанды. 2020-2021 оқу жылында облыстық кезеңге 1 оқушы қатысып, Алғыс хатқа ие болғанды. 9-11 сыныптар бойынша барлығы 88 оқушы қатысты. Мектепішілік кезеңде І орынға 21 оқушы; ІІ орынға 19 оқушы; ІІІ орынға 15 оқушы; алғыс хатқа 12 оқушы ие болды. Қалалық кезеңге 25 оқушы қатысты. 9 сынып бойынша қазақстан тарихы, қазақ тілі, математика, орыс тілі, ағылшын, информатика, биология, география, химия, физика пәндерінен 11 оқушы; 10 сынып бойынша бойынша қазақстан тарихы, қоғам және құқық, қазақ тілі, математика, ағылшын, информатика, биология, өзін-өзі тану пәндерінен 8 оқушы; 11 сынып бойынша бойынша қазақстан тарихы, ағылшын, география, биология, физика, өзін-өзі тану пәндерінен 6 оқушы білімдерін ортаға салды. Нәтижесінде 9 «А» сынып оқушысы Жоламанқызы Айсұлу қазақстан тарихынан ІІ орынға / мұғалімі Жүсіпкалиев С.Н./, 9 «А» сынып оқушысы Рахат Инабат орыс тілі мен әдебиетінен ІІІ орынға / мұғалімі Мукашева А.Т./, 10 «А» сынып оқушысы Магидолла Жұмаш информатикадан ІІІ орынға / мұғалімі Кабекенова Г.У./, 10 «А» сынып оқушысы Қанатова Альбина математикадан Алғыс хатқа / мұғалімі Зулхаева А.Т./ ие болды. 7-8 сыныптарға арналған Республикалық олимпиаданың мектеп кезеңіне 11 пәннен, атап айтқанда қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, география,биология,химия, қазақстан тарихы,физика,өзін-өзі тану пәндері бойынша 7 – сыныптардан 34 оқушы, 8- сыныптар бойынша 24 оқушы, барлығы 58 оқушы қатысты. Олимпиаданың мектеп кезеңінен жоғары ұпай алған оқушылар қалалық кезеңге жолданды. Жаратылыстану - математикалық бағыт бойынша 7 сыныптар арасынан информатика, биология, физика, математика, химия пәндерінен 5 оқушы; 8 сыныптар арасынан информатика, биология, химия пәндерінен 3 оқушы, барлығы 8 оқушы қатысты. Биология пәні бойынша 7 «А» сынып оқушысы Химыранова Зарина Алғыс хатқа ие болды, пән мұғалімі Рахметова А.С.
2020-2021 оқу жылы мен 2021-2022 оқу жылымен салыстырсақ, 2020-2021 оқу жылында қала көлемінде 1 іс-тәжірибе /орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Н.Акмаева мен Г.Дуйсенованың біріккен «Сборник упражнений по развитию письменной грамотности» (дополнительное учебное пособие для 9-11 классов) тақырыбындағы жұмыстары таратылса, облыс көлемінде 5 жұмыс /қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Азаматованың «Өлке шамшырақтары» атты факультатив жинағы; биология пәнінің мұғалімдері Ж.Жунусова мен Н.Кенжегалиеваның біріккен «Мәдени өсімдіктер» қолданбалы курс бағдарламасы; бастауыш сынып мұғалімі О.Ниязгалиева мен қалалық білім беру бөлімінің бастауыш сынып әдіскері А.Мендешеваның біріккен 2-сыныпқа арналған математика пәнінен «Деңгейлік тапсырмалар» жинағы; қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ш.Калиева мен А.Зайнуллинаның "Морфология әлемінде" 7-сыныпқа арналған факультативтік курс; ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Айткалиеваның 10 мектеп мұғалімімен біріккен «Ағылшын тілін қашықтықтан оқытудың тиімді жолдары» таратылды. Ал биылғы оқу жылы бойынша 1 мұғалімнің дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Утешованың «Ұлттық ойындар» авторлық бағдарламасы қала көлемінде таратылды. Ағылшын пәнінің мұғалімдері Б.К.Зайнуллина, Ж.Б.Байниязова, И.Г.Жумагалиевалардың «ENJOY ENGLISH» Сөйлеуді дамытуға арналған ауызша тақырыптар мен тапсырмалар 6-10 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілі бойынша әдістемелік құралы облыс көлемінде таратылды. Бастауыш сынып мұғалімдері З.С.Батырова мен Д.К.Бекмұратованың «Үлгермеушілікті болдырмаудың әдіс-тәсілдері мен жұмыс түрлері» тақырыбындағы жұмыстары қалалық эксперттік кеңес отырысында облыс көлемінде таратылуға жолданды. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда, қалалық жұмыс -1, облыстық – 5 болса; биылғы оқу жылының соңында қалалық – 1, ешқандай өзгеріс жоқ.
«Ұлағат» озат тәжірибелі ұстаздар мектебі, Самғау» желілік қауымдастығы, мектеп үйлестірушісі, «Жас қанат» жас мамандар мектебі, «Ұшқын» дарынды оқушылар қоғамы жұмыс жоспарларына сәйкес іс-шараларын жүргізді. Орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінің «Знай, люби и береги русский язык!»; тарих пәні бірлестігінің «Мәңгілік ел – мәңгілік тарих»; бастауыш сынып бірлестігінің «Үлгілі ұрпақ – ұлт тірегі»; қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бірлестігінің «Мемлекеттік тіл – жаратылыстану пәндер бірлестігінің «Жаратылыстану – табиғат ғылымдарының жиынтығы»; өнер бірлестігінің «Өнерліге өріс кең» тақырыбында апталықтары өтті. Соның ішінде ағылшын, өнер, жаратылыстану, миф, бастауыш бірлестіктерінің апталықтары жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық жәнекәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу ту ралы» 2020 жылғы 11 мамырындағы №192 бұйрығына сәйкес 3 – параграф. Педагогтерге біліктілік санатын беру рәсімінсіз біліктілік санатын беру тәртібінің 48 пункітінде көрсетілгендей, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орнын «үздік» бітірген адамдарға «педагог - модератор» біліктілік санаты ұлттық біліктілік тестілеуінен өтпей беріледі. Осы 48 пунктке сәйкес «үздік» бітірген информатика пәні мұғалімі Қасым Алина Азаматқызының жеке өз тарапынан берілген өтінішінің негізінде «педагог - модератор» біліктілік санаты берілді. 2021-2022 оқу жылының қараша айынан бастап Аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2020 жылғы 11 мамырындағы №192 бұйрығының күші жойылғандығы хабардар етілді. Шағын орталық тәрбиешілері: Капашева Рысқаным мен Жумагалиева Гулсая және өзін-өзі тану мұғалімі Мырзағали Ақжанға «педагог-модератор» біліктілік санаты тағайындалды. Бастауыш сынып мұғалімі О.Ниязғалиева мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Жукееваға «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты; орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғаалімдері Г.Дуйсенова мен Г.Мухамбеткалиеваға, ағылшын пәні мұғалімі А.Айткалиеваға, дене тәрбиесі мұғалімі А.Утешоваларға «педагог-сарапшы» біліктілік санаты тағайындалды. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығы басшылыққа алынып, 4 мұғалімнің қалалық білім беру бөлімінің аттестаттау комиссиясына «Педагог – модератор» санатына тапсырған ағылшын пәнінің мұғалімі А.С.Абай және облыстық аттестаттау комиссиясына «Педагог – сарапшы» санатына тапсырған орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Н.Т.Акмаева, А.Т.Мукашева, У.Ш.Кадрешованың құжаттары № 561 бұйрық бойынша тапсырылды. «Үздік сабақ», «Үздік бейнесабақ», «Үздік жас маман -2022» байқаулары оздырылып, жеңімпаздар марапатталды. Баланы жүйелі, сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуін ұйымдастыру; білім алуға деген құштарлықтарын арттыру, оқу мазмұнына тұрақты қызығушылық тудыру; оқытудың жаңа жағдайларына дайындықтарын анықтау. Бастауыш және негізгі орта білім беру сатылары арасында оқытудағы сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру мақсатында Бастауыш сынып пен орта буын арасындағы сабақтастық жұмыстарын жүргізудің 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді. Миф бірлестігімен «Математика пәнін оқытудағы сабақтастық», жаратылыстану бірлестігімен «Жаратылыстану пәні: сабақтастық және ықпалдастық», қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бірлестігімен «Мәтіннің құрылымы» тақырыптарында семинарлар оздырылып, екі буын арасындағы педагогтар іс-тәжірибелерімен бөлісті. Педагогикалық әдеп кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес әдеп кеңесінің отырыстары, «Мұғалім сымбаты» тақырыбында көрсетілім, «Мектеп мәдениеті» тақырыбында коучинг оздырылды. Білім сапасын арттыру мақсатында белсенді оқыту тәсілдерін анықтауда LESSON STUDY жүргізілді. Сабақты зерттеу барысында 8 «А» сыныпқа қоғамдық гуманитарлық бағыттағы пәндер (қазақ тілінен Зайнуллина А.Т., қазақстан тарихынан -Кадешова А.Қ., ағылшын тілінен Мусаева Г.Н.) бойынша; 8 «Ә» сыныпқа жаратылыстану-математика бағыты пәндері бойынша (алгебрадан Cағынғали А.М., химиядан Есенбулатова А.С., ағылшын тілінен Байниязова Ж.Б.) сабақтарға қатысып, жеке оқушылардың мүмкіндіктері бақыланды. Оқушылармен сабаққа деген пікірлері сұранып фокус топ мүшелері талдап, сабақта кеткен олқылықтарды келесі сабақ жоспарлауда ұсыныстар талқыланып қабылданды. Білім сапасын жетілдіруге бағытталған қарым -қатынас орнатылды.
2021-2022 оқу жылын мектебімізде 55 оқушы аяқтап отыр. Оның ішінде, 6 оқушы «Үздік аттестат» алды. Олар- Рахат Инабат Азатқызы, Жоламанқызы Айсулу, Сансызбай Анеля Аманжолқызы, Ғарфолла Мейірман Ержанұлы, Құмарғалиева Айша Рахимовна, Сырым Ақерке Ақылбекқызы.
Қорытынды аттестаттау емтиханын ана тілі мен әдебиеті (эссе), алгебра (жазбаша), орыс тілі мен әдебиеті (жазбаша), таңдау пәндері – қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география, биология (жазбаша) жұмыстарын тапсырды. Оқушылар емтихандарын сәтті аяқтап, хаттамалары толтырылып, тігілді. Барлық аттестаттар компьютер құрылғысы көмегімен толтырылып, аттестатқа түсетін бағалар дастарханға шығарылып, коммиссия тарпынан тексеріліп, аттестатқа түсті. Қатаң есептегі кітапшаға толтырылып, аттестат нөмірленді. 2021-2022 оқу жылын мектебімізде 37 түлек аяқтап отыр. 11а сынып жаратылыстану математика бағыты бойынша 16 оқушы, 11ә сынып жаратылыстану математика бағыты бойынша -21 оқушы емтихан тапсырды. 11 сынып бойынша 1 оқушы «Үздік» аттестатқа үміткер. Ол- Құдайберген Аяулым Оралбекқызы.
Қорытынды аттестаттау емтиханын ана тілі мен әдебиеті (эссе), алгебра (жазбаша), орыс тілі мен әдебиеті (жазбаша), қазақстан тарихы (ауызша) , таңдау пәндері –физика, география, биология (жазбаша) жұмыстарын тапсырды. Оқушылар емтихандарын сәтті аяқтап, хаттамалары толтырылып, тігілді. Барлық аттестаттар компьютер құрылғысы көмегімен толтырылып, аттестатқа түсетін бағалар дастарханға шығарылып, коммиссия тарпынан тексеріліп, аттестатқа түсті. Қатаң есептегі кітапшаға толтырылып, аттестат нөмірленді. 1 оқушыға «Үзік» аттестат берілсе, 36 оқушыға жалпы орта білім беретін мектепті аяқтағандығы жөнінде аттестат табысталды.