Халықаралық отбасы күніне орай бүгін, 14 мамыр күні ата-аналар арасында Орал қаласы білім беру бөлімінің кубогын сарапқа салған волейбол турнирі өтті.
Турнир ата-ана мен мектеп арасыдағы ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етті. Ойындар №22, 32, 33 орта мектеп спорт залдарында ұйымдастырылып, оған 16 мектептің ата-аналарынан құралған командалар қатысты. Атап айтқанда, Ж.Молдағалиев атындағы №2, №14, №20, №22, №24, №33, №45, №47, №48, №50, Серебряков орта мектептері мен М.Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейі, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы, №41 мектеп-лицейі, №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясы атынан қатысқан ата-аналар тартысты ойын көрсетті.
Жарыс қатысушыларын Орал қаласы білім беру бөлімі басшысының орынбасары Айтжан Даумова, мектеп директорлары атынан №48 ЖОББМ директоры Артур Мұсағалиев Халықаралық отбасы күнімен құттықтап, ел болашағы бүгінгі ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде күш біріктіруге, «Балалар жылы» аясында өткізілетін шараларға белсене қатысуға шақырды.
Білім беру бөлімі спорттық шараны өткізуге қолдау көрсеткен №22 ЖОББМ ұжымына зор алғысын білдіреді.
♦ Отбасы күні құтты болсын! Әр үйде бейбітшілік, жақсылық, қуаныш пен бақыт орнасын!