ЕСТЕРІҢІЗГЕ САЛАМЫЗ!

Күн сайын балаңызға өрт қауіпсіздігінің ережелері туралы ескертіңіз:

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға байланысты барлық жағдайларда үлгі болыңыз.

📌Балаңызға өрт қауіпсіздігі туралы келесідей ережелерді түсіндіріңіз:

- Сіріңкемен ойнауға болмайтындығын;

- Ересектер үйде болмаған жағдайда электр құралдарын қоспау қажеттігін;

- Пештің есігін ашуға болмайтындығын;

- Тұрмыстық химиялық заттардың, әсіресе аэрозольді бос құтыларды отқа тастауға болмайтынын;

- Бензинмен және басқа жанғыш заттармен ойнауға болмайтынын;

- Өрт кезінде жасырынып қалмау керектігін;

- Егер бөлмеде от тұтанса,​ еңбектеп шығып, ересектерді шақыру керектігін;

- Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін(өзінің мекенжайын, телефон нөмірін, тегін, не жанып жатқанын айту қажет екенін), отпен ойнауға болмайтынын.

🔸Ересектер тарапынан бақылаудың болмауы өрттің тұтануы мен өрт салдарынан орын алатын балалардың өліміне жиі әкеліп соғады.

❗ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ: Бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілік Сізге жүктеледі.