Уа, Еркіндік,
қош келдің…
Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті -
Аманат қой
Маған, Саған, Оған да!
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын өз өнерлерімен өрнектеген 5-10 сыныптардың “Елімнің ертеңімін” мерекелік бағдарламасынан көріністер
13.12.2021 күні "Жас Ұлан - болашақтың бастауы” атты "Жас Ұлан" және “Жас Қыран” балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігіне оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өтті. Биылғы жыл біздің еліміз үшін ерекше жылдардың бірі болды. Себебі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрылғанына 10 жыл толып отыр. Егемен еліміздің ұландары 2 сынып оқушылары "Жас Қыран" ұйымына, 5 сынып оқушылары "Жас Ұлан" ұйымының қатарын толықтырып, өз елінің патриоты екенін дәлелдеді. Биылғы оқу жылында Жас қыранға-129 оқушы, "Жас Ұлан" ұйымына 32 оқушы қабылданды. "Жас Ұлан" БМЖҰ-ның қабылданушысы Сапаргалиев Ақдәулет Бақдәулетұлы 5-сынып атынан ұйымның антын қорғады. Салтанатты қабылдау рәсімінің қонақтары: Зашаган кенті әкімдігінің әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы Батыров Жигер Мендыгалиевич, ардагер ұстаз Калышова Фарида Кисметовна ұйымға қабылданатын оқушыларымызды құттықтап, сәттілік тіледі. Білімге құштар, қоғамдық өмірге араласып, жетістік жолында тайсалмайтын "Жас ұлан" ұйымының оқушыларына сәттілік тілейміз! Өнерлі шәкірттеріміз көп болып,мектебіміздің мәртебесі арта берсін! Жаңа ғасырда қайта түлеген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!
https://sh50-uralsk.edugov.kz/kz/aza-stan-respublikasyny-memlekettik-r-mizderi/315-memlekettik-r-mizder-sharalar.html#sigFreeId9bd01b4178
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай MANGILIK EL JASTARY қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін “Тәуелсіздік - тәңір сыйы” атты мектеп оқушыларына арналған республикалық байқауға үміткерлер, мектепішілік көркемсөз байқауының жеңімпаздары 2 сынып оқушысы Жұмабек Көркем және 7 сынып оқушысы Убаева Назымға сәттілік тілейміз!
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 3,4 сыныптар арасында өткізілген “Тәуелсіз елдің ұланымыз!” тақырыбындағы мерекелік шарадан көріністер.
Менің елім
Менің жерім
Гүлің болып егілемін
Жырың болып төгілемін, елім!
https://sh50-uralsk.edugov.kz/kz/aza-stan-respublikasyny-memlekettik-r-mizderi/315-memlekettik-r-mizder-sharalar.html#sigFreeIdacb97b2ce9
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2 сыныптар арасында өткізілген ашық сынып сағатынан көріністер.
Тәуелсіздік тойы мәңгілік болсын!
https://sh50-uralsk.edugov.kz/kz/aza-stan-respublikasyny-memlekettik-r-mizderi/315-memlekettik-r-mizder-sharalar.html#sigFreeId5ca12c0af0
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында 1сыныптар арасында "Біз-Ұлы Дала ұрпағымыз" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты:
-Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-баба ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларымыздың ерлігін үлгі етіп көрсету.
-Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту
-Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу;
https://sh50-uralsk.edugov.kz/kz/aza-stan-respublikasyny-memlekettik-r-mizderi/315-memlekettik-r-mizder-sharalar.html#sigFreeId3a7fe6f9c5